73 мыңнан аса мигрант Сеутадан Мароккоға қайтты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Мұны Испанияның құқық қорғау органы мәлімдеді. 30 шілде күні 60 мыңға дейін адам Мароккодан Испанияның Сеута анклавына құрлық арқылы және Тарахаль теңіз бөгеті маңымен жүзіп өтпек болған. Сол сәтте Сеутаға 3 мыңға жуық әскери қызметкер мен полиция жіберілді. Оған қоса елдің Ішкі істер министрлігі теңізге ұзындығы 500 метрлік қалқымалы бөгет орнатты.

Мигранттардың басым бөлігі Мароккоға қайты. Десе де біразы әлі де Сеутаның орталығында. Олар өз еркімен елге қайтудан бас тартқан. Испания аумағында әлі қанша мигрант қалғаны әзірге белгісіз.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар