
Олар елдің Сеута анклавына бір күнде жеткен. Қайғылы оқиға да тіркелді. Испания аумағына жетуге әрекеттенген кемінде 18 адам қаза тапқан.
Желіде оқиға орнында түсірілген видеолар тарады. Кадрдан мигранттардың жүк көлігінен түсіп, кейбірінің құрлықтағы қақпаны бұзып өтіп, Сеутаға қарай ағылғанын көруге болады. Олардың кейбірі «Жасасын Испания!» деп айғайлаған.
Италия Испаниямен шекарадағы еркін жүріп-тұруды уақытша шектеуді ұсынды. Ал Франция Испаниямен шекарадағы тексерісті күшейтетінін хабарлады.
Дереккөз: t.me/stankznews


