
Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерде тараған резидентура түлектері жаппай қорытынды аттестаттаудан өте алмады деген ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, емтиханға қатысқан 3684 түлектің 3540-ы немесе 96,5%-ы шекті деңгейден сәтті өткен.
Министрлік емтихан заңнама талаптарына сәйкес өткізілгенін, мемлекеттік тілдегі тапсырмаларға қатысты шағымдар тексерілгенін және сөзбе-сөз аударылған тапсырмалар анықталмағанын хабарлады.
Дереккөз: https://nofake.kz


