Кәсіпқой бокс әлемінде күтпеген жаңалық

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін өз еркімен тапсырды.

WBO оның өтінішін ресми түрде қабылдап, бұрынғы уақытша чемпион Дензел Бентлиді толыққанды чемпион деп таныды. Бос қалған орынға міндетті үміткер ретінде кубалық Йоэнли Эрнандес бекітілді. Бұл шешім Жәнібектің мансабындағы жаңа кезеңнің басталуын білдіруі мүмкін. Боксшы 76,2 келіге дейінгі супер-орта салмақ рейтингіне ауысуды жоспарлап отыр.

Соңғы уақытта Әлімханұлының айналасында допинг дауына байланысты қиын кезең болды. VADA сынамасынан мельдоний анықталғаннан кейін боксшы уақытша шеттетіліп, бірқатар чемпиондық белбеулерінен айырылды.

Енді қазақстандық нокаутшы жаңа салмақта үлкен жекпе-жектерге шығуды көздейді. Бұл дивизионда әлемдік бокс жұлдыздары, соның ішінде Сауль «Канело» Альварес өнер көрсеткен.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар