АҚШ Канададан келетін тауарларға кедендік баж енгізді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Дональд Трамп Канаданың бірқатар тауарына жаңа кедендік баж салығын енгізу туралы құжатқа қол қойды. Ақ үйдің мәліметінше, тиісті шешім Канада билігінің америкалық алкоголь өнімдері, автокөліктер мен сүт өнімдеріне қатысты саясатына жауап ретінде қабылданған. Жарлыққа сәйкес, Канададан импортталатын шарап, хоккей таяқшалары, цемент және басқа да бірқатар тауарларға 50 пайыздық баж салығы салынады.

Жаңа тарифтер 19 тамыздан бастап күшіне енеді. Алайда олар энергия ресурстарына, калий өнімдеріне және бұған дейін салалық баж салығы енгізілген тауарларға қолданылмайды. Сондай-ақ, жаңа шектеулер АҚШ, Мексика және Канада арасындағы еркін сауда туралы келісімге (USMCA) кіретін кейбір тауарларға да әсер етеді. Вашингтонның хабарлауынша, бұл шаралар америкалық автокөліктердің экспортын жақсартуға бағытталған.

АҚШ-тың Сауда өкілі Джеймисон Грирдің сөзінше, жаңа тарифтер шамамен 20 млрд доллар көлеміндегі Канада импортына қатысты болады. Бұл ретте Оттава Вашингтонмен сауда қатынастары бойынша келіссөздерді жандандыруға ниетті.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар