Аргентина құрамасының жеңілісі Буэнос-Айрестегі тәртіпсіздіктерге ұласты

Фото: FIFA

Аргентина астанасындағы футбол салтанаттарының дәстүрлі орны — Буэнос-Айрес орталығындағы Обелискке мыңдаған жанкүйер финалдық матчты көру үшін жиналды.

Алғашында матчты тыныш бақылаған жанкүйерлер, түн ортасы ауғанда ескерткіш маңындағы қауіпсіздік қоршауын бұзып өтуге тырысты.

Кейбір наразылық білдірушілер полицияға шыны бөтелке мен басқа да заттар лақтырып, соңы ушығып кетті. Құқық қорғау органдары жиналғандарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болды.

Қақтығыс салдарынан полиция кем дегенде 15 адамды ұстады. Бірнеше адам жарақат алды.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар