Түркия Орталық Азия атауын «Түркістан» деп өзгертті

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Елдегі жаңа мектеп оқулықтарында Орталық Азия өңірі осындай атауға ие болды. Бұл өзгерістердің мақсаты – оларды «ұлттық тарихи жадқа сәйкестендіру». Оған қоса Түркияға сырттан таңылған терминдерді өзгерту туралы шешім қабылданыпты.

Енді түрік оқулықтарында:

  • Эгей теңізі – Аралдар теңізі;
  • «крест жорықтары» – «крестоностардың шабуылдары»;
  • «географиялық ашылулар» – «отарлау саясаты»;
  • «армян мәселесі» – «Арменияның негізсіз талаптары» деп аталады.

Түркияның Ұлттық білім министрі Юсуф Текиннің айтуынша, қазіргі түрік оқулықтары түркітілдес халықтардың бірлігін нығайтуға қызмет етеді.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар