
“Қазақстан Халық кеңесі туралы” заң жобасы парламенттің бірлескен отырысында бірінші оқылымда мақұлданды.
«Халық кеңесі» не істейді?
- Халық кеңесі халықтың мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган ретінде бекітіледі;
- ол ішкі саясат бойынша ұсыныстар әзірлеп, Құрылтайға заң жобаларын енгізе алады және республикалық референдум бастамасын көтере алады;
- құрамына ұлттық-мәдени орталықтардың, қоғамдық ұйымдардың, мәслихаттардың және қоғамдық кеңестердің өкілдері кіреді;
- Халық кеңесінің отырыстары жылына кемінде бір рет өткізіледі;
- мүшелерінің өкілеттік мерзімі – 4 жыл;
- құрылымында сондай-ақ президиум, комитеттер, комиссиялар және жұмыс топтары қарастырылады.
Дереккөз: t.me/stankznews





