Келес ауданында жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелердің алдын алуға бағытталған маңызды кездесу өтті. Аудандық прокуратура қызметкерлері өңірдегі білім беру ұйымдарының психологтарымен жүздесіп, ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу жолдарын жан-жақты талқылады. Кездесу барысында мамандар соңғы уақытта қоғамда алаңдаушылық тудырып отырған факторларға тоқталып, жасөспірімдердің психологиялық жағдайына әсер ететін негізгі себептерді саралады.
Авторлар: Айгерім Айтбаева, Айдос Дәулет





