Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен, республикалық «Тайқазан» жобасы бойынша «Қайырымдылық жаршысы» атты марафон болып өтті. Ауданымызда осы акция аясында әлеуметтік тұрмысы төмен 500 отбасыға көмек көрсетілді.
Сарыағаш аудандық орталық мешітінде жұма күні бастау алған марафонға бас имам және наиб имамдар қатысып, әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасыға азық-түлік қоржындары табысталды. Сауапты іс-шараға қатысушылар карантин шектеулеріне орай, көмек қоржындарын тұрмысы төмен жанұялардың үйіне алып барып берді. Қайырымдылық қорының арқасында жәрдем алған азаматтар рақметін айтуда.
Жұмагүл Мергенбаева, Сарыағаш қаласының тұрғыны
Саида Шамсиева, Сарыағаш ауданының тұрғыны
Сарыағаш аудандық орталық мешіті бас имамының айтуынша, акция жалғыз осы мешітте ғана өтіп жатқан жоқ. Аталмыш марафон республикамыз көлемінде бір уақытта, бір мезетте жүріп жатыр. Аудан бойынша 500 отбасыға көмек көрсетіліпті.
Тұрлыбек Төлебеков, Сарыағаш аудандық орталық мешітінің бас имамы
Сондай-ақ, мешітте жария іс-шаралардан бөлек, жасырын көмектер де апта сайын беріліп тұрады екен. «Атап айтқанда, жалдамалы үйде тұратын жалғыз басты аналар немесе мүгедек жандарға жәрдем қолы үзілмейді»,- деп жеткізді орталық мешіттің бас имамы.
Авторлар: Хусниддин Хасанұлы, Ерлан Сәрсенбеков
Материалдарды толық және ішінара көшіріп алуға тыйым салынған. Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, ресурсқа сілтеме беріңіз.