
Швейцариялық IQAir компаниясы әлемдегі ауасы ең ластанған қалалардың тізімін жариялады.
Оған сәйкес, Қазақстанның ең ірі қалаларының ішінде Алматы 55-орында тұр.
Сарапшылардың айтуынша, ауа сапасының нашарлауы негізінен адамзат әрекетімен байланысты.
Зерттеу қорытындысына сәйкес әлемде тек 13 ел мен аймақтың ауасы қауіпсіз.
Ауасы таза осы 13 елге:
Австралия,
Барбадос,
Бермуд аралдары,
Француз Полинезиясы,
Гренада,
Жаңа Каледония,
Панама,
Пуэрто-Рико,
Реюньон және АҚШ-тың
Виргин аралдары кіреді.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


