Келес ауданында 20 күн ішінде мал ұрлау фактісімен ауыр санаттағы 4 қылмыстық іс тіркелген. Ұсталған 9 күдікті 2 айға “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы негізінде аудандық сотпен санкцияланып қамауға алынды. Соңғы уақытта ауыл тұрғындарын алаңдатқан мал ұрлығы деректері бойынша аудандық прокуратура қызметкерлері сұхбат берді.
Авторлар: Айгерім Айтбаева, Нұрболат Еркін



