Сарыағаш ауданында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы аясында ашық брифинг өткізілді. Іс-шараға Сарыағаш аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Жұмаділлә Әмзеұлы мен әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Ерлан Тұяқов қатысты. Олар аудан көлемінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, тұрғындарды мазалаған өзекті мәселелерге тоқталды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы