Колонияларға тыйым салынған заттарды кіргізбек болған адвокаттар ұсталды

Фото: Polisia.kz

Колонияларға тыйым салынған заттарды кіргізбекші болған адвокаттар ұсталды.

Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеттері тағы да анықталып, жолы кесілді.

Бұл жолы заңға құрмет көрсетуі тиіс тұлғалардың қатысуымен болғаны ерекше алаңдатады.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №72 мекемесінде алаяқтық бойынша күдіктіге телефон беру әрекеті тоқтатылды.

Тыйым салынған зат адвокаттың сөмкесінен рентген құрылғысының көмегімен тінту кезінде табылды. Кездесу өткізілмеді.

Қазіргі уақытта адвокатты жауапқа тарту мәселесі қарастырылуда.

Дереккөз: Polisia.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар