Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Сарыағаш ауданындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагеріне арнайы келіп, жүргізіліп жатқан жөндеу және құрылыс жұмыстарымен танысты. Іссапар барысында ол мердігер мекеме өкілдеріне бірқатар ескертпелер айтып, жұмыстың баяу жүруіне қатысты алаңдаушылығын білдірді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы