Жер-Ананы жайнатып, әнші құсты сайратып келетін шығыс халықтарының жаңа жылын Түркістан облысының жұртшылығы ерекше атап өтуді жоспарлағаны белгілі. 10 күн бойы түрлі мәдени және ойын-сауық шаралары қолға алынып, ұлттық құндылықтар насихатталуда. Бүгін 15-наурыз күні де Сарығаш ауданындағы барлық мемлекеттік қызметшілер ұлттық киімде жұмысқа келіп, ұлттық тағамдардан берекелі дастархан жайды.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ережеп Тұрғынбайұлы, Ерлан Сәрсенбеков