Әйел – қоғамның қозғаушы күші. Әйел – отбасының ұйытқысы. Бүгінде саялы өңірде бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар жетерлік. Солардың бірі – он саусағынан өнер тамған ісмер, тігістің тілін тапқан ине иесі, Жаңатұрмыс ауылдық клубының жанынан құрылған «Ақ әжелер» тобының мүшесі Жұмагүл Ибрагимова. Өмір бойы тігіс тігумен айналысқан ана, «адал жар, сыйлы келін және үлгілі ене атануым – өмірлік жолдасымның қолдауының арқасында» дейді. Сондықтан атақ пен мансап қуған жастарға өз ақыл-кеңесін айтып, отбасылық құндылықтардың қадірін жоғалтып алмауға шақырды.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Аман Асылбек