Сарыағаш ауданында тұрғындардың өзекті мәселелері талқыланды. «Әділет» партиясының аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өтті. Оған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Уалихан Рахиев, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов және Сарыағаш аудандық Мансап орталығының директоры Ақмарал Әуезова қатысты. Қабылдауға келген тұрғындар ауданға қатысты бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстары мен өтініштерін жеткізді.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Марат Жолдас




