Естеріңізде болса, Дарбаза ауылдық округінде 13 жасар қызға қастандық жасамақ болған өзге ел азаматының іс-әрекетіне тосқауыл болып, оған қоса күдіктінің ізіне түсіп, оны полицейлерге ұстап берген мемлекеттік қызметкер туралы айтқан болатынбыз. Жасөспірім қызды педофилден құтқарып қалған ауыл әкімінің орынбасары Сүйіндік Туғанбай туралы біздің арна тілшілері арнайы сюжет дайындаған болатын. Бірге тамашалайық.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Айдос Дәулет