Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қыз-келіншектер мен аналардың құшағы гүлге, жүзі нұрға толы болатыны мәлім. Бұл сәттер қоғамның негізгі қозғаушы күші саналатын – әйелдер қауымының арқалап жүрген жүгі мен атқарып жатқан еңбегіне аз да болса алғыс білдіруге таптырмас мүмкіндік. Біздің ұжым қызметкерлері де «Сәт» телеарнасымен етене жұмыс атқарып, халыққа зор пайдасын тигізіп жүрген түрлі мекемелердегі нәзік жандыларды арнайы құттықтауға кірісті.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ерлан Сәрсенбеков