Президент тапсырмасымен Сарыағашта 300 төсек-орындық заманауи көпбейінді аурухана құрылысы басталды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров медициналық нысанның іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Үш негізгі блоктан құрылатын аурухана Сарыағаш, Келес, Мақтарал, Жетісай, Шардара, Қазығұрт аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Авторлар: Айгерім Айтбаева, Марат Жолдас





