2027 жылғы өнімге қажетті тұқым қорының 90%-ы дайындалды

Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстанда егін жинаумен қатар келесі жылғы өнімінің негізін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азам Сұлтанов мәлімдеді. 

«2027 жылғы өнімге қажеттілік 2,3 млн тонна тұқымды құрайды. Бүгінгі таңда әкімдіктердің мәліметтері бойынша 2 млн тонна немесе қажеттіліктің 90%-ы дайындалды»,

— деді Азат Сұлтанов. 

Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Сонымен қатар тыңайтқыштарды қолдану арқылы жер жырту жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,8 млн тонна тыңайтқыш енгізілді, бұл ғылыми норманың  58%-ы. Осы жылы тыңайтқыш енгізу көлемі 2,3 млн тонна деңгейде жоспарланған. Бүгінде оның 2,1 млн тоннасы немесе ғылыми норманың 66%-ы енгізілді.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы алқаптарын цифрландыру жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар топырақтың сапалық құрамын бақылауға және өнімділікті болжауға мүмкіндік беретін Жер ресурстарын басқарудың ақпараттық жүйесі әзірленуде.

Дереккөз: @KZgovernment

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар