Келес ауданында жаңа оқу жылына орай, дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан «Бірінші рет – бірінші сыныпқа» атты акция өткізілді. Игі бастама аясында 140 балаға мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтары мен сөмкелер табысталды. Аталған жиынға аудан әкімі, аудандық аурухана басшысы, кәсіподақ ұйымының төрағасы және балалар мен ата-аналар қатысты. Мектеп табалдырығына қадам жасаған балаларға қуаныш сыйлаған шара жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Марат Жолдас





