
1 қыркүйекте ұстазға гүл сыйлау – жақсы дәстүр. Алайда ол міндетке, жарысқа немесе артық шығынға айналмауы тиіс, – деп жазды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Ең бастысы гүлдің көлемі немесе бағасы емес, баланың ұстазына деген құрметі. Сондықтан гүл сыйлау әр бала мен ата-ананың ерікті таңдауы болуы керек.
Білім беру ұйымдары гүл немесе сыйлық сатып алуға бастамашылық жасамауы, ақша жинауды ұйымдастырмауы және мұны ата-аналарға міндеттемеуі тиіс.
Біздің мақсатымыз – мектептегі алғашқы күнді даңғазасыз, жылы әрі тәрбиелік мәнде өткізу, балаларды ұстазды құрметтеуге, қарапайымдылық пен ізгілікке тәрбиелеу.
Дереккөз: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі


