Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, ашық пікір алмасу мақсатында жергілікті қоғам белсенділері және бақ өкілдерімен кездесті. Жиында өңірдің әлеуметтік дамуы шеңберінде түйткілді проблемалар ашық айтылды. Белсенділердің ұсыныс-тілектері назарға алынды.
Авторлар: Айгерім Айтбаева, Нұрболат Еркін




