
2026 жылғы қазан-қараша айларында ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, Шымкент қаласы мен еліміздің 10 өңірінде (Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында) қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын іс асырды.
Жалпы 45 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 5 автомат, 26 мылтық және 14 тапанша, сондай-ақ 10 граната мен 1 259 оқ-дәрі тәркіленді.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Дереккөз: 24kz


