
Азия даму банкі «Ұмай» әйелдер ипотекалық бағдарламасын қаржыландыру үшін 20 миллиард теңге көлемінде екінші траншты мақұлдады. Бұл қаражат жақын арада «Отбасы банкке» түседі деп күтілуде.
«Отбасы банк» өкілдері бұл ақпаратты, қаржы келіп түскеннен кейін банк өтінімдерді қабылдаудың басталатын күні туралы қосымша хабарлайтынын растады.
Соңғы мәлімет бойынша, «Ұмай» бағдарламасы аясында 366 займ беріліп, тағы 296 өтінім рәсімделу сатысында тұр.
Бұған дейінгі кезеңдегі «Ұмай» ипотекасының шарттары бойынша жылдық мөлшерлеме – 14,8%, несиенің ең жоғары сомасы – 50 миллион теңгеге дейін, бастапқы жарна, ірі қалаларда 20%-дан бастап, ал өңірлерде 15%-дан басталған.
Дереккөз: 24kz


