Соңғы жылдары өңіріміздегі аға буын мен жас толқынның үстінен шырайы кіріп тұрған заманауи шапанды көріп көз сүрінеді. Ұлттық киімге деген қызығушылықтың қайта жандануы – қазақылығымызға қайта оралудың белгісі. Осындай ұстанымды басшылыққа алған жергілікті дизайнер Жанерке Сапарова – тігін цехын жүргізіп жатқан белді кәсіпкер ғана емес, отандық өнімді қазақы нақыштағы киімдермен астастырған жаңашыл этнодизайнер. Жұмысшы мамандықтар жылында еңбек адамдарын насихаттауға бағытталған сюжет назарларыңызда.
Авторлар: Айгерім Айтбаева, Нұрдәулет Жолбарыс