Құрылтай сайлауы күні елімізде 657 сәби өмірге келді

Фото: ҚР ДСМ баспасөз қызметі

23 тамызда, Құрылтай депутаттарын сайлау күні Қазақстанның медициналық ұйымдарында 657 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 318 ұл және 339 қыз бала бар.

Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Алматы қаласында – 60 бала, Түркістан облысында – 54, Шымкент қаласында – 51 бала тіркелді. Ел бойынша бір егіздер жұбы дүниеге келді.

Ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жүкті әйелдерді қауіпсіз бақылауды және босандыруды қамтамасыз етіп, ана мен жаңа туған нәрестелерге қажетті медициналық көмек көрсетеді. 657 қазақстандық отбасы үшін бұл күн ел өміріндегі маңызды саяси оқиғамен ғана емес, жаңа адамның дүниеге келуімен де мәңгі есте қалатыны сөзсіз.

Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды сәбилерінің дүниеге келуімен құттықтап, аналар мен балаларға зор денсаулық, отбасыларына амандық-береке және бақытты болашақ тілейді!

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар