
Жануарлар 27 қыркүйекте арнайы жүк ұшағымен Хартсфилд-Джексон халықаралық әуежайына жеткізілді.
Әзірге келушілер пандаларды көре алмайды. Олар шамамен бір ай бойы хайуанаттар бағының жаңа кешеніндегі арнайы аймақта карантинде болады. Кейін Атланта хайуанаттар бағы жануарларды келушілерге қашан көрсететінін хабарлайды.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


