
Алматы облысының Қонаев қаласында қонақүйі мен мейрамханасы бар казино 1,76 миллиард теңге бастапқы бағамен аукционға қойылды.
Sauda.e-qazyna.kz мәліметінше, нысан Индустриялық көшесі, 11 мекенжайында орналасқан. Бес қабатты ғимараттың жалпы ауданы — 5 122,5 шаршы метр. Ол 2014 жылы салынған.
Сауда-саттық лотына казино ғимаратына іргелес жатқан 0,2257 гектар жер учаскесі, Индустриялық көшесі, 15/5мекенжайындағы ауданы 0,27 гектар тағы бір жер учаскесі және трансформатор қосалқы станциясының жабдықтары кіреді.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


