Бүгін елімізде Қазақстан кеденшілерінің кәсіби мерекесінде жаңғыртудан өткен «Қазығұрт» заманауи технологиялық өткізу пункті пайдалануға берілді. Өзбекстанмен шекарада орналасқан кеден бекетінің ашылу салтанатына ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев және Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысты. Бүгінгі шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған тапсырмасын іске асырудағы жүйелі қадам болды.
Авторлар: Айгерім Айтбаева, Марат Жолдас




