
Әлеуметтік желілерде мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А.-ға қатысты түрлі ақпарат таралған.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта аталған әскери қызметшілер әскери бөлімнің орналасқан жерінде, күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін атқарып жүр.
Осыған байланысты ведомство әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты азаматтарды тексерілмеген мәліметтерге сенбеуге шақырды.
Дереккөз: @baq_kz


