
Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшісі Дәурен Кәріповтің Латвияның Денсаулық сақтау министрі Хосамс Абу Меримен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі кеңейтудің перспективаларын талқылады. Медициналық ұйымдар мен жоғары оқу орындары арасындағы тікелей серіктестікті дамытуға, медицина мамандары арасында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ кадрлық әлеуетті нығайтуға ерекше назар аударылды.
Денсаулық сақтау саласындағы екіжақты байланыстарды жандандыру мақсатында Қазақстан мен Латвия арасында ведомствоаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою қажеттігі аталып өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Латвия ынтымақтастығын нақты мазмұнмен толықтыруға дайын екендерін растап, келісім жобасын егжей-тегжейлі пысықтау және ынтымақтастықтың іс-жүзіндегі бағыттарын айқындау үшін екі елдің бейінді министрліктері өкілдерінің онлайн-кездесуін өткізуге келісті.
Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі


