Қазақстанға тоғыз айда Корея Республикасынан 50 мыңнан астам турист келген

Фото: ЖИ

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордада Nordic Condor Korea компаниясының бас директоры Су Сан Пильмен кездесті. Тараптар Қазақстанның туристік әлеуетін Оңтүстік Кореяда кеңінен таныту, елімізге келетін туристер санын арттыру және Сеулде Kazakh Tourism өкілдігін ашу мүмкіндігін талқылады.

Ербол Мырзабосынов Корея Республикасының Қазақстан үшін маңызды туристік нарықтардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ еліміз кореялық саяхатшыларға көркем табиғатын, тарихи-мәдени мұраларын, Алматы мен Астананың көрікті жерлерін, сондай-ақ тау туризмінің мүмкіндіктерін ұсына алатынын жеткізді.

– Біздің мақсатымыз – Қазақстанның туристік әлеуетін кеңінен таныту, кореялық туроператорлармен байланысты нығайту және елімізге келетін туристер санын арттыру. Сондықтан Nordic Condor Korea компаниясымен ынтымақтастық орнатуға дайынбыз, – деді министр.

📌Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар