
Биыл алғаш рет QazTech платформасында Бірыңғай «OQU» платформасы аясында «1-сыныпқа қабылдау» кезең-кезеңімен іске қосылды. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
«Өтініштердің 88,7%-дан астамы электрондық форматта қабылданды. Бұл ата-аналарға білім беру ұйымдарына жеке бармай-ақ, барлық қажетті рәсімдерді онлайн режимде жүзеге асырып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен ыңғайлылығын аңғартады»,
— деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова.
1-сыныпқа балаларды қабылдау бекітілген кестеге сәйкес 2026 жылғы 27 мамырдан 31 тамызға дейін кезең-кезеңмен жүргізіледі.
Дереккөз: @KZgovernment


