Қуанышты жаңалық. Шалғайдағы Шеңгелді елді мекеніне газ келді. Енді ауылдағы 308 абонент көгілдір отынмен қамтылатын болады. Табиғи газ қосылған алғашқы 2 үйге аудан басшысы Арман Абдуллаев бастаған облыс, аудан көлеміндегі депутаттар мен жауапты мамандар арнайы барып, тұрғындарды құттықтап қайтты.
Авторлар: Айгерім Айтбаева, Марат Жолдас