Францияда оқушылар білім жүйесіне қарсы наразылыққа шықты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Оған қоса елде үкіметтің келесі жылға арналған бюджет жоспарына қарсылық күшейді. Оқушылар сыныптардың толып кетуіне, мұғалім тапшылығына және мектептерге қаржының аз бөлінуіне наразылық білдірді.

Салдарынан 330-дан астам лицейдің жұмысы бұзылды. Кей қалаларда жағдай ушығып, оқушылар мектеп кіреберістерін қоқыс жәшіктерімен жапқан.

Лилльде наразылық білдірушілер қоқыс жәшіктерін өртеп, полицияға түрлі заттар лақтырған. Ал полицейлер оларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданған. Тәртіпсіздіктер Париж, Нант, Марсель, Бордо және Лионда да болды.

Жалпы ел бойынша 440 адам ұсталған. Наразылыққа өрт сөндірушілер, мұғалімдер мен медицина қызметкерлері де қосылды. Мемлекеттік қызметкерлер жалақы мен зейнетақыны көтеруді талап етіп отыр. Ал Үкімет болса 2027 жылғы бюджеттен 2 миллиард еуро (996,1 млрд теңге) үнемдеуді жоспарлап отыр.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар