Түркістан облысында егістік әртараптандырылып, майлы дақылдар алқаптары ұлғайтылуда

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Түркістан облысында су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында күріш дақылдары қысқартылып, майлы дақылдарға баса назар аударылуда, осылайша егістік құрылымы қарқынды түрде әртараптандырылып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді.

Фото: @KZgovernment

Оның айтуынша, биыл өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі былтырмен салыстырғанда 9 мың гектарға ұлғайып, 920 мың гектарды құраған. Майлы дақылдардың ауданы 28 мың гектарға артып, 98,3 мың гектар болған, ал жүгері дақылдарының ауданы 6,4 мың гектарға өсіп, 46,5 мың гектарға жетті. Сонымен бірге су ресурстарын ұтымды пайдалану үшін күріш дақылдарының ауданы 7,4 мың гектарға (3,5 мың гектарға дейін) қысқарды.

«Әртараптандыру аясында дәнді дақылдардың егіс алқабы 12,8 мың гектарға азайып, 274,4 мың гектарды құрады. Мақта дақылдары 29 мың гектарға ұлғайып, 173,6 мың гектарға жетті. Мақта дақылдарының ұлғаюы жаңа су үнемдеу технологияларын енгізу есебінен қамтамасыз етілді»,

— деді өңір әкімі.

Дереккөз: @KZgovernment

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар