
Бұл – легионерлерге бюджеттен ақша бөлмеу бастамасының нәтижесі. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов осындай мәлімдеме жасады.
Былтыр спорт туралы заң жобасы қаралып, легионерлерге бюджеттен қаржы бөлмеу туралы норма енгізілген еді. Аталмыш тетік Мәжіліс қабырғасында қызу талқыланды және артынша оған Мемлекет басшысы қол қойды. Бір жылдың ішінде 8 миллиард теңге үнемделген.
«Қазынадан қалған қаржы енді балалар спортын дамытуға жұмсалады», – деді ведомство басшысы.
Дереккөз: 24kz


