Спорт – денсаулық кепілі. Осы ұстанымды өмірлік қағидасына айналдырған жандар Келес ауданында бас қосты. Есту және сөйлеу қабілетінен айрылған азаматтар арасында кіші футболдан Келес ауданының ашық біріншілігі өтті. Дүбірлі додаға еліміздің бірқатар облыстарынан және Түркістан облысының аудандарынан спортшылар арнайы келіп қатысты.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Марат Жолдас





