Сарыағаш аудандық сотына жаңа төраға тағайындалды. Әбдусейіт Әшірбаев еңбек жолын 2003 жылы бастап, 2017 жылға дейін сот орындаушысы қызметін атқарған. 2017 жылдан бері Сайрам аудандық соты судьясы болып қызмет етті. Жаңа төрағаны таныстыру рәсіміне аудан активтері қатысты. Өңір басшысы Арман Абдуллаев сот төрағасына жауапты қызметінде табыс пен сәттілік тіледі. Сонымен қатар, сот жүйесінің тиімділігін арттыру және заң үстемдігін қамтамасыз ету жолындағы жұмысына жеміс тіледі.





