
23 қазан таңертеңгі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,34%-ға өсіп, баррелі 113,56 долларға жетті.
Америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,46%-ға өсіп, баррелі 99,93 доллар болды.
Сонымен қатар ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы 3,05%-ға төмендеп, баррелі 101,56 доллар болды.
Нарықтың алаңдаушылығын күшейткен факторлардың бірі Сауд Арабиясы мен хуситтер арасындағы қақтығыстың ушығуы болды. Сауд Арабиясындағы Король Фахд халықаралық әуежайына жасалған шабуылда шетелдік азамат қаза тауып, сегіз адам жарақат алды.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


