
Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегінің эпидемиологиялық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп келеді.
«Әлемнің жекелеген елдерінде ауру жағдайларының тіркелуіне және халықаралық көлік қатынастарының белсенділігін ескере отырып, инфекцияның Қазақстан аумағына әкеліну ықтималдығы жоққа шығарылмайды. Сонымен қатар қоздырғыштың берілу ерекшеліктерін ескере отырып, ел халқы арасында маймыл шешегінің кеңінен таралу қаупі төмен деп бағаланады», – делінген ақпаратта.
Инфекцияның елге әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр:
- мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріндегі санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді;
- ауру жағдайлары тіркелген елдердегі эпидемиологиялық жағдайға және осы мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жүргізілуде;
- барлық өткізу пункттері мен санитариялық-карантиндік пункттер дене температурасын жанаспай өлшейтін құралдармен жабдықталған;
- медициналық ұйымдар мен зертханалардың инфекцияны уақтылы анықтауға және диагностикалауға дайындығы қамтамасыз етілуде;
- аса қауіпті инфекцияға күдік туындаған жағдайда хабарлау және ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау алгоритмдері бекітіліп, қолданысқа енгізілген.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


