Папуа-Жаңа Гвинея жағалауында жер сілкінді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Папуа-Жаңа Гвинеядағы Жаңа Британия аралының жағалауында магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Report.

Орталықтың дерегінше, жер сілкінісінің ошағы шамамен 26,2 мың адам тұратын Кокопо қаласынан оңтүстікке қарай 121 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі жарияланбады.

Осыған дейін Панамада 6,1 балдық жер сілкінісіі болды. Табиғи апаттан 3 мың адам зардап шекті.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар