Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымының жаза мерзімі қысқарды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Сеулдің Жоғарғы соты бұрынғы президент Юн Сок Ёльдің жұбайы Ким Кон Хиге қатысты бірінші инстанция шығарған үкімді қайта қарап, жаза мерзімін 7 жылдан 5 жылға дейін қысқартты. Апелляциялық сот оны арнайы прокурор таққан кейбір айыптар бойынша ақтап шықты.

Бұған дейін арнайы прокурорлар тобы Ким Кон Хиге бірқатар айыптар таққан болатын. Атап айтқанда, құрылыс компаниясының басшысынан күйеу баласын мемлекеттік қызметке орналастырғаны үшін $73 мыңдық зергерлік бұйымдар алған. Білім беру комиссиясының бұрынғы басшысынан оны қызметке тағайындауға көмектескені үшін алтын тасбақа мүсіншесін, сондай-ақ пастордан Dior сөмкесін және кәсіпкерден Vacheron Constantin қолсағатын алған.

Сондай-ақ бұрынғы прокурордан оны сайлауда кандидат ретінде ұсынуға ықпал еткені үшін белгілі суретші Ли Уфанның құнды картинасын алғаны анықталды.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар