
Telegram арқылы «оңай ақша» таппақ болған 19 жастағы екі студент мефедрон таратқаны үшін сотталды.
Ұстау кезінде олардан аса ірі мөлшердегі 5,87 грамм мефедрон тәркіленген. Сот шешімімен бір студент 7 жылға, екіншісі 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Прокуратура жастарды күмәнді «оңай табыс» ұсыныстарына сенбеуге және есірткі айналымы үшін қатаң жауапкершілік барын ескертеді.
Дереккөз: 24kz


