Ормуз бұғазында төрт кемеге шабуыл жасалды: Бір кеме суға батып кетті

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

13-14 қазанда Ормуз бұғазында бірнеше жүк кемесі мен танкерге шабуыл жасалды. Сингапур туымен жүзген GFS Pride контейнерлік кемесі снаряд тиіп, суға батып кеткен. Кеме 2,5 мыңнан астам контейнер тасымалдауға арналған.

Ал Al Saadiyat және GFS Giselle кемелері зақымданғанына қарамастан, қозғалысын жалғастырған. Шабуылдардан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы кеменің қауіпті бағытпен өтуге тырысқанын мәлімдеді.

Дереккөз: @baq_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар