«Сәт» Медиа-Холдинг»
Өңіріміздің абыройлы азаматы, аудан мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосқан «Мәдениет қайраткері» Мырзахметов Асқар Рүстемұлының бастамасымен құрылған «Сәт» Медиа-Холдинг» ЖШС 2010 жылы 30 қарашада ҚР Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаментінің Сарыағаш ауданының әділет басқармасында есепке алынып, №101240000090 куәлігі берілді. Директоры – Қалдарбекова Айман Тұрғанбекқызы.
Қазіргі таңда «Сәт» Медиа-Холдинг» ЖШС иелігіндегі замануи құрал-жабдықпен қамтылған бұқаралық ақпарат құралдары, өңірдегі билікпен тығыз байланыста жұмыс жасай отырып, халыққа қызмет көрсетеді. Олар:
1. «СӘТ» телеарнасы
2. «Cарыағаш» радиосы
3. Түркістан облыстық әлеуметтік-экономикалық ақпараттық апталық «Sátti» газеті.
4. «Satmedia.kz» сайты
2011 жылдың желтоқсан айынан бастап өз жұмысын бастаған «СӘТ» телеарнасы 2019 жылы 21 қарашада ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі, Ақпарат комитетінде қайта есепке алынып, №KZ29VJB00000403 куәлігі берілген. Арна қызметкерлері көрерменге күнделікті жаңалықтардан бөлек, түрлі тақырыптағы бағдарламалар да ұсынады. Өңірдің қоғамдық саяси өмірі мен мәдени тынысы, спорт, денсаулық сақтау, білім-ғылым салаларын өз назарынан тыс қалдырмай ақпарат таратады. Сарыағаш, Келес аудандары аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты насихаттау негізінде жұмыс жүргізіп жатқан «СӘТ» телеарнасы, Сарыағаш ауданы халқының 94%-ын, Келес ауданы халқының 96%-ын сандық жүйеде қамтып отыр.
Түркістан облыстық әлеуметтік-экономикалық ақпараттық апталық «Sátti» газеті ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінде 2019 жылғы 21 ақпанда қайта есепке қойылып, оған №17550-Г куәлігі берілген. Газеттің жазылу индексі: 66740 Алғашқы нөмірі 2013 жылдың 14-ші қаңтарында жарық көрді. «Sátti» газеті аптасына 1 рет, сәрсенбі күні шығады.
Алғашқы аудандық «Cарыағаш» радиосы 2019 жылы 21 қарашада ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі, Ақпарат комитетінде қайта есепке қойылып, №KZ29VJB00000403 куәлігі берілген.
Радио алғаш рет 2012 жылы 12 желтоқсанда FM 89.6 толқынында эфирге шықты. Содан бері қызықты хабарлар таратып, өңір тұрғындарының көңілінен шығатын, үлкендер мен жастардың сүйіп тыңдайтын радиосына айналып үлгерді.
«Satmedia.kz» сайты 2020 жылы 9 маусымда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Ақпарат комитетінде есепке қойылып, №KZ13VPY00023948 куәлігі берілген. Сайт 2020 жылы 16 желтоқсанда іске қосылды.
