Майдабозайлықтардың қуаныштан төбесі көкке жетті. Келес ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Майдабозай ауылында жаңа су беру нысаны халық игілігіне пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.
Авторлар: Айгерім Айтбаева, Нұрдәулет Жолбарыс